jasqazaq.kz

Қария кішкентай қызды зорламақ болды деген күдікке ілінді

04 маусым 2019, 10:55

Ақтөбеде азғындыққа барған қария ұсталды. 74 жастағы күдікті 5 жасар қызға ерсі қылып көрсетіпті. Бүлдіршінді тәттімен алдап, ұятты жеріне қол жүгірткен көрінеді. Бұл сұмдықты көршілері көріп, тәртіп сақшыларын шақырған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қала шетіндегі Нұр-Ақтөбе ықшамауданының тұрғындары түстен бері дүрлігіп жүр. Осы аулада тұратын жетпістен асқан қарттың азғындығына бірі лағнет айтса, енді бірі сене алар емес. Ал күдікті ойнап жүрген бес жасар қызды тәттімен алдап, үй қуысында аймалап отырған жерінен көршілері ұстап алған.

— Мынау зорлайын деп жатыр. Дамбалына қолын салып жіберген. Чупа-чупс алып берген.

Қарттың азғын әрекетін көшеде кетіп бара жатқан көршісі мен балконда тұрған келіншек байқап қалады.

Ақтоты Боташова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Балконнан менің танысым көрген. Ол шыққан. Екеуі ер адамға әлі келмейді ғой. Жан-жағыма қарадым да таныс лифтерді шақырдым дейді. Сосын үшеуміз ұстап, сол жерден бір жігітке полиция шақыр депті.

Оқиға куәгерлері күдіктінің ішіп алғанын айтады. Оқиға орнында сыра бөтелкелері жатыр. Қазір күдіктіні тергеуді бастаған.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

— 1945 жылы туылған қала тұрғыны полиция бөлімшесіне жеткізді. Қылмыстық кодекстің 124 бабына сәйкес қылмыстық іс басталды. Тексеру жүріп жатыр.

Қазір бүлдіршіннің жағдайы қалай екені белсіз. Ол туралы құзырлы органдар тіс жармай отыр. Ал ата-анасының да ешкіммен сөйлескісі жоқ. Дегенмен, тұрғындар осы ауданда балаларды тәттімен алдап, үйіне шақыратын зейнеткер туралы сыбыс бұрыннан айтылатын дейді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда