jasqazaq.kz

Қария «қатын» деп сөйлейтін шымкенттіктерді сынап тастады

21 маусым 2018, 11:09


Астаналық қария елімізде «қатын» сөзін қолданатындарды сынап тастады. Айтуынша, көзі қарақты, оқыған-тоқыған адамдар «мұндай анайы» сөзді айтпайтын көрінеді. Қарияның сөзінше бұл сөзді тек «мәдениеті төмен, тексіз адамдар» ғана жиі қолданады екен.

NUR.KZ хабарлағандай, Елордалық Бексұлтан ақсақал (авт. — аты-жөні кейіпкердің өтінішімен өзгертілді) шымкенттіктер мен еліміздің батыс өңірінің тұрғындары жиі қолданатын «қатын» сөзін сынап тастады. Қарияның айтуынша, «мәдениеті жоғары, оқыған адамдар ондай тұрпайы сөзді аузына да алмайтын» көрінеді.
«Өзім осы жергілікті Ақмола облысының тұрғынымын. Өмір бойы Ерейментауда қызмет еттік, кейін балалар осында қызмет бабымен келіп, солардың қолына келіп қалдық. Айтайын дегенім, біз тұратын үйде шымкенттіктер көп тұрады. Арасында батыс жақтан келгендер де бар.
Ешкімді бөліп-жарғаным емес, бірақ құдай қосқан жарларына «Ей, қатын» деп сөйлегенде ұяттан жерге кіріп кете жаздайды екенсің. Біреудің аялы қызын, өзіңнің жұбайыңды тіпті балаларыңның анасын солай деп айтуға бола ма екен? Қазақтың қай әдеби шығармасын қарасаңыз, «қатын» деп абыройдан жұрдай немесе салақ-сылбыр әйелдерге қарата айтқан.
Немесе ер адамдардың дөрекі мінезін, я болмаса қытымырлығын көрсеткен сәтте ғана «Ей қатын» деген тіркесті пайдаланған. Мұндай сөз айту түк көрмегендіктің, мәдениетсіздік пен білімсіздіктің белгісі», — деп ойын ортаға салды қария.
Сондай-ақ, ақсақал «қатын» сөзі түркітілдес халықтарда «бәйбіше», «отанасы» деген терең мағынада қолданса да, қазақта «бұл сөз анайылықтың» көрінісі ретінде сипатталатынын кесіп айтты.
«Қазақ әйел затын қашан да қастерлеген. Бәйбіше, отанасы деп еркелеткен. Бірақ, «қатын» деп жерден алып, жерге салған емес. Екеуара сөзге келіспей қалса, солай айтуға болатын шығар, соның өзінде балаларыңнан ұят емес пе? Десе де елдің көзінше «Ей қатын» деп сөйлеп, абыройын жер ету – тексіздіктің белгісі.
Жастарға, әсіресе оңтүстік, батыстан келген бауырларыма айтарым, балаларыңыздың анасына олай дөрекі сөйлемеңіздер. Ертең өздеріңіздің де қыздарыңызды дәл солай атап жатса, жақсы ма? Біздің жақта құдайға шүкір, ондай сөзді көп айтпайды.
Артық айтты деп сөкпеңіздер, тек жастарға сабақ болса екен деп отырмын. Аналарыңызды, жарларыңыз бен қарындастарыңызды сыйлаңыздар, ертең о дүниеде олардың сұрауы сіздерден болады», — деп сөзін аяқтады қарт.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде