
Жолда қараусыз қалған жылқылардың қатысуымен жол апаты болды.
ІІМ ресми сайтының хабарлауынша, 22 шілдеде түнгі сағат 01.30 шамасында Қызылорда-Павлодар жолымен келе жатқан КамАЗ көлігінің жүргізушісі жеті жылқыны қағып кетті.
Сонымен қатар, жүк көлігін артынан келеген Hyundai Accent көлігі де жылқыға келіп соғылған. Соққыдан жылқының бірі көліктің ішіне кіріп кеткен.
Жол апатынан жеңіл көліктің жүргізушісі жарақат алып, Екібастұз ауруханасына жеткізілген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
zakon.kz