jasqazaq.kz

Қаратеңізде Қашқар туризм жәрмеңкесі өтті (Видео)

Бүгін, 12:03

Түркияның Ризе қаласында халықаралық Қашқар туризм жәрмеңкесі өтті. Биыл ауқымды шараға 16 елден келген өкілдер қатысып, 150 ұйым өз стендін ұсынды, сондай-ақ үш мыңға жуық жергілікті ұйым қамтылды. Әлемнің әр түкпірінен жиналған туристік агенттіктер мен туроператорлар бұл алаңда жаңа серіктестік орнатып, тәжірибе алмасты.
Іс-шара барысында қатысушылар табиғи туризм, мәдени-тарихи мұралар және Қаратеңіз асханасының ерекшеліктерімен танысты. Сарапшылардың айтуынша, мұндай алаңдар туризм индустриясының дамуына айтарлықтай серпін береді.

Ризе мәдениет және туризм қауымдастығының басшысы Бурак Авжы жәрмеңкенің ауқымына тоқталды:
«Ризе және Артвин қалаларының қонақ үй және агенттіктерінің қатысқан жәрмеңкесіне жалпы 150 туризм агенттіктері және қонақ үй қызметін көрсетушілер жиналды. Шетелден келушілер мұндағы агенттіктермен және қонақ үй ұсынушылармен байланыс орнатып, аймаққа турист тарту үшін келісімге келуде».

Германиядан келген қатысушы Эстель жәрмеңкенің басты мақсаты серіктестік орнату екенін атап өтті:
«Мен мұнда серіктес, туристік агенттік табуды меңзеп отырмын. Біз Германиядағы Дрезден қаласында орналасқан ірі компаниямыз және әлемнің көптеген елдерінде жұмыс істейміз. Біз жергілікті агенттіктермен жұмыс істегенді ұнатамыз, сондықтан Качкарда жергілікті серіктес тапқымыз келеді».

Яшар Кыран, кәсіпкер:
«7-ге жуық агенттікпен байланыс орнаттық, байланыстарын алдық. Жәрмеңкеден кейін өздерімен ыңғайлырақ қызметтерімізді айтып, қызығушылықтарын білмекпіз. Мен өте пайдалы болғанын айта аламын».

Туризм зерттеушісі Супти Шен мұндай шаралардың маңызын атап өтті:
«Туризмнің дамуына әсер етеді. B2B арқылы агенттіктердің, қонақ үй қызметтері мен турагенттіктердің бір-бірімен байланысуына әрі тануларына көмектеседі. Туризм жәрмеңкесінде болуы керек дүниелер өтуде».
Милана, қазақстандық қатысушы:
«Бүгін Ризедегі форумға келдім. Әртүрлі отельдермен және агенттіктермен сөйлестік. Мұнда спорттық туризм, әсіресе рафтинг пен зиплайн жақсы дамыған. Көп визитка алдым, болашақта осы серіктестермен жұмыс істеуді жоспарлап отырмын».
Эрмек,Қырғызстан өкілі:
«Біз бұл форумға екінші күн қатысып жатырмыз. Жергілікті туркомпаниялармен таныстық. Көрме бізге жергілікті компаниялармен алдын ала келісімшарттар жасауға көмектесті».

Жәрмеңке аясында іскерлік кездесулер, таныстырылымдар және мәдени бағдарламалар ұйымдастырылып, қатысушыларға жаңа туристік бағыттар ұсынылды. Қашқар туризм жәрмеңкесі Қаратеңіз аймағының халықаралық туризм нарығындағы орнын нығайтып, жаңа серіктестіктерге жол ашқан маңызды алаңға айналды.
Қаратеңіз өңіріндегі Қашқар таулары табиғат пен туризмнің ерекше үйлесім тапқан аймағы саналады. Әсіресе треккинг, рафтинг және жайлау туризмі шетелдік қонақтардың қызығушылығын тудырды. Биіктігі 3 937 метрге жететін шыңдар мен 50-ден астам мұздық көл бұл өңірдің туристік тартымдылығын арттырып отыр.

Олжас Әбдіхалық

Бүгін, 14:31
Реальный результат языковой политики в Созакском районе
Бүгін, 14:15
Туркестан: В Ордабасы запускаются новые инвестиционные проекты
Бүгін, 13:51
Туркестан: Вклад урановой компании в социально-экономическое развитие региона
23 сәуiр, 18:31
Қызылорда: Швейцариялық Harvest Agro тұқым өңдеу зауытының бірінші кезеңін бастады
23 сәуiр, 16:07
В Туркестанской области в рамках программы «Ауыл - ел бесігі» реализовано 1 570 проектов
23 сәуiр, 15:54
Как будут реализовываться новые инвестиционные проекты в Туркестанской области?
23 сәуiр, 15:48
Языковая политика в Туркестане приносит свои плоды
23 сәуiр, 15:42
Галымжан Орынов: В Туркестане система образования вступила в новый этап
22 сәуiр, 15:52
В Туркестанской области строится мегаферма на 50 тыс голов