jasqazaq.kz

Қаратау ауданында жылыту маусымына дайындық пысықталды

08 шiлде 2022, 16:00

Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкеманов аумақтағы көп қабатты үйлердің жылыту маусымына дайындығын пысықтап, тиісті нысандарды аралап шықты. Жұмыс барысында аудан әкімі қызмет көрсетуші мекеме басшылары мен қызметкерлеріне, ең алдымен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жұмысты сапалы орындауды тапсырды.

–Қаратау ауданында 554 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Оның ішінде 422 көпқабатты тұрғын үй орталық жылу жүйесіне, 132-сі автономды жылу жүйесіне қосылған. Аудан әкімдігі «Қуат жылу орталық-3» мекемесімен бірлесіп, 422 үйге сығымдау жұмыстарын жүргізу жоспарын бекіткен болатын. Жоспарға сәйкес, 422 көп қабатты тұрғын үйдің қысқы дайындығы пысықталатын болады. Бүгінге дейін 131 көп қабатты үйде кестеге сәйкес сығымдау жұмыстары жүргізілді, — дейді аудан әкімі Р.Мүлкеманов.

Мамандардың айтуынша, ауданға қарасты көпқабатты тұрғын үйлердегі сығымдау жұмыстарына бірқатар жауапты мекемелер бекітілген. Қазіргі таңда «ОҚО үйлерді басқару» ЖШС-інің –3, «Қызметкер СК» ЖШС-інің –3, «Коммунал Сервис КО» ЖШС-інің –1, ЖК «Исабаева» –1, «Алиаскар Бам Групп» ЖШС-інің 1 арнайы жұмыс бригадасы және ЖК «Әділ», ЖК «Адал хаузинг», ЖК «Қазына» мамандары жұмылдырылған.

–Қызмет көрсетуші мекемелер көп қабатты үйлердің жылу жүйесін сығымдау кезінде тік құбырларды 6-7 атмосфералық қысыммен тексеріп жатыр. Ақау анықталған жағдайда жарамсыз бұрандалар ауыстырылып, ысырма жапқыштар майланатын болады. Жылыту маусымына дайын үйлер «Қуат жылу орталық-3» мекемесінің актісімен қабылданады,- дейді аудан әкімі.

Сондай-ақ, аудандағы 6 жылу қазандығының да маусымға дайындығы пысықталып жатыр. Қазандықтар толығымен тексеріліп, ақау анықталған бөліктің қосалқы бөлшектері ауыстырылып, сорғыштар тексеруден өткізілуде.

Аудан аумағындағы орталық жылу жүйесіне қарасты 422 көп қабатты үйдің дайындық жұмыстарын қыркүйек айында толық аяқтау жоспарланған.

Айта кетейік, қалада 2022-2023 жылдың жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының жоспары мен арнайы штаб құрамы бекітілген. Штаб өткен жылға талдау жасап, алдағы маусымға дайындықты жүргізеді. Қазір шаһар бойынша 15 жылу қазандықтың 3-і қысқы маусымға дайын (К-19, ПМК-49, К-54), қалған 12 қазандық 15 қыркүйекке дейін толық дайын болады. Ал, жылу жүйесіндегі 17 сорғы стансаның 7 қысқы жылуға дайын тұр. Қалған стансаларда жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

Тоқтар Жақаш

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде