jasqazaq.kz

Қараша айында ауа райы қандай болады?

02 қараша 2019, 12:33

Синоптиктер 2019 жылдың қараша айына ауа райы болжамын жария етті.

«Қараша айында циклондар мен антициклондардың жиі ауысатындықтан ауа температурасы республика аумағының басым бөлігінде климаттық норма шамасында болады деп күтіледі, тек Азия аймағынан келетін оңтүстік-батыс ағындарымен Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде 1°С-қа жылы болады деп болжануда», — делінген хабарламада.

Синоптиктердің айтуынша, атмосфералық ағындардың өтуі құбылмалы ауа райын тудырады, ол жауын-шашын, желдің күшеюі (солтүстікте боран), тұман және көктайғақ құбылыстарымен қатар жүреді. Қараша айының ішінде әр онкүндікте 3 рет қатарынан күн суытады деп болжанып отыр.

«Бірінші онкүндікте суықтың алғашқы толқыны бүкіл Қазақстанды қамтиды. Онкүндіктің басында батыста, кезеңнің ортасына қарай солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста түнгі уақытта температура 5…10, кей жерлерде 13 грдусқа дейін суытып, күндіз 0…5 аяз, кей жерлерде 5 жылыға дейін, еліміздік оңтүстік бөлігінде – түнде 0…5, кей жерлерде 10 аяз, күндіз плюс 3…8-ге дейін салқындайды.

Содан кейін солтүстікте, орталықта және шығыста ауа температурасы түнде 0…5 аяз, кей жерлерде 3 жылы, күндіз 3…8 жылы болады деп күтілуде. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы түнде 0…5-ке, кей жерлерде плюс 8 дейін, күндіз 8…13-ке дейін көтеріледі. Онкүндік соңында республика аумағына кезекті антициклон әсер етеді және температура қайтадан төмендейді.

Екінші және үшінші онкүндіктерде температураның төмендеуі барынша қарқынды күтіледі, бұл кезде солтүстік облыстарды толығымен қар басып қалады. Әдетте, еліміздің солтүстік бөлігінде тұрақты қар жамылғысын орнауы орташа алғанда қараша айының бірінші жартысында келеді, оңтүстік өңірлерде — қараша айының соңы – желтоқсан айының басы деп күтіледі.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда