jasqazaq.kz

Қарасай әкімдігінің қызметкерінің ісін жауапты департамент тексеруде

18 қыркүйек 2020, 14:40

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова темекі тұқылын лақтырған Қарасай әкімдігі қызметкерінің ісін жауапты департамент тексеріп жатқанын мәлім етті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің маманы желі қолданушылардың наразылығын туғызғаны туралы ақпарат тараған еді. Желіге тараған видеодан тұрғындардың ер азаматқа шағымын айтып, наразылық білдіріп жатқанын көруге болады. Сол сәтте темегі шегіп тұрған ол темекі тұқылын жерге лақтыра салады. Тұрғынның бірі оның әрекетіне ашуланып, «балалар алаңына темекі тұқылын лақтырып, этиканы сақтамадың» деп шүйлігеді. Бейәдеп қылық көрсеткен адам Қарасай ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің маманы болып шыққан. Мемлекеттік қызметшінің бұл қылығына байланысты видеодан Анар Жайылғанова хабардар екенін мәлім етті. «Иә, біз бұл оқиғадан хабардармыз. Бізде мемлекеттік қызмет саласын бақылау жөніндегі департамент бар. Бұл департамент аталмыш мәселемен айналысып жатыр. Ол ақпарат бүгін шықты. Біз де ол мәселемен жұмыс жүргіземіз», — деді Анар Жайылғанова.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия