jasqazaq.kz

Қарапайым халықтың салық өсімпұлы қай жағдайда кешіріледі?

25 шiлде 2019, 17:43

Қазақстанда 1,4 млн адамның мойнында 20,9 млрд теңге салық берешегі бар.

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаевтың ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. «Салық берешегінің ең көп сомасы немесе 70 пайызы (14,4 млрд. теңге) көлік құралдарына салынатын салыққа тиесілі. Жер салығына жалпы берешектің 12 пайызы (2,5 млрд.теңге), мүлік салығына 6,7 пайызы (1,4 млрд. теңге) тиесілі. Салық борышы бар жеке тұлғалардың басым бөлігі Шымкент қаласында тіркелген. Мұнда шамамен 148 мың адам қарыз. Түркістан облысында 139 мың, Жамбыл облысында 116 мың және Нұр-Сұлтан қаласында 114 мың адам салықты толық төлемеген», — дейді комитет өкілі. Берешек сомасы бойынша, Алматы қаласы бірінші орында. Қала тұрғындары мемлекеттік кіріс органдарына 5,5 млрд. теңге қарыз. Нұр-Сұлтан және Маңғыстау облысында 2 млрд. теңгеден, Шымкент қаласында 1,6 млрд. теңге берешек қалыптасқан. Жайдар Іңкәрбаев салық берешегі бойынша қордаланған өсімпұлды шегерту үшін негізгі қарыз сомасын ғана өтеу керек екенін атады. «Өсімпұлды шегеру үшін негізгі салық қарызын төлесе болды. Ол үшін ешқайда барып, ешқандай өтініш жазудың қажеті жоқ. Негізгі берешек төленгеннен кейін 3 күн ішінде өсімпұл автоматты түрде шегеріледі. Біздің мамандар әрбір салық төлеушінің дерегін күн сайын тексеріп отыр. Берешек өсімпұлының шегерілгеніне көз жеткізу үшін салық төлеушінің жеке кабинетіне өтіп білуге болады. Ал бүгінге дейін салық берешегімен қоса өсімпұлды да төлеп қойған адамдарға өсімпұл сомасы қайтарылып беріледі. Ол үшін салық төлеуші мемлекеттік кірістер органына барып, өтініш жазуы керек. Соның негізінде артық төленген сома өтініш берушінің атындағы есепшотқа аударылады», — деді ол. Дегенмен, әзірге ешбір борышкердің өсімпұлы шегерілмеген. «Әзірге өсімпұл шегеру ережесі нақтыланып жатыр. Барлық өңірлерге тиісті ақпараттар беріліп, тапсырмалар жүктелді. Ережемен барлық өңірлер танысып болғаннан кейін өсімпұлдар шегеріле бастайды», — деді ведомство өкілі.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде