jasqazaq.kz

Қарақшылық шабуыл жасаған балалар үйінің тәрбиеленушілері

29 тамыз 2019, 12:55


Қызылордада балалар үйінің тәрбиленушілері қаладағы сауналардың біріне шабуыл жасаған.

Балалар саунаға баса-көктеп кіріп, кассирден 90 мың теңгеден аса ақшаны тартып алып, оқиға орнынан қашып кеткен. «Полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде бір күдікті ұсталды. Ол 16 жастағы балалар үйінің тәрбиеленушісі. Тағы үш күдікті оқиға орнынан қашып кетті, оның екеуі балалар үйінің тәрбиеленушілері болып шықты. Тәулік ішінде олар да тұтқындалды», делінген хабарламада. Орын алған қарақшылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, оларға мүлкін тәркілеумен қатар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

tengrinews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда