jasqazaq.kz

Қарақшылар компания қызметкерін тонап кетті (видео)

11 ақпан 2021, 13:00

Нұр-Сұлтанда компания қызметкері тоналған сәт видеоға түсіп қалған. Есіл ауданының полиция басқармасына ЖШС менеджері хабарласып, Мәңгілік ел көшесінде белгісіз жігіттер оған шабуыл жасағанын хабарлады. Олар үш миллион теңгені қолды қылған.

Жәбірленушінің айтуынша, ол сағат 20.00 шамасында ЖШС бухгалтерімен бірге банкоматтан 10,9 миллион теңге қолма-қол ақша шығарған. Кейін ғимараттан шығып, көлікке бара жатқан жолда белгісіз төрт азамат менеджерге шабуыл жасап, ақша салынған пакетті тартып алуға тырысады. Төбелес барысында шабуылдаушылар бұрыш баллонын қолданып, одан үш миллион теңгеніп тартып алған.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, жедел-іздестіру шарасы барысында полицейлер жеті күдіктіні ұстады. Жас аралығы 18-ден 23 жасқа дейін. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК 192-бабы, 4-бөлігіне («Қарақшылық») сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың барлығы ПД тергеу изоляторына қамалды.

Күдіктілер ұрланған ақшаны жұмсап үлгерген, қалған 700 мың теңге соманы полиция тәркіледі. Қылмыстық істі тергеу кезінде ЖШС қызметкерлерінің қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріледі.

https://youtu.be/sFdD0VvFAPA

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде