jasqazaq.kz

Қарақшылар қарағандылықты банк алдында тонамақ болды (Видео)

09 шiлде 2021, 11:38

Қарағандылық полицейлер банк алдында тұрғынды тонап кеткен күдіктілерді ұстады. 30 маусым күні сағат 20:00 шамасында Қарағанды қаласы ПБ жедел басқару орталығына хабарлама келіп түсті: қаладағы банктердің бірінің алдындағы тұрақта екі белгісіз адам күш қолдану арқылы тұрғынның 500 мың теңгесін алып кеткен. Оқиға орнына Михайлов полиция бөлімінің, Қарағанды қаласы Полиция басқармасының және Қарағанды облысы ПД жедел-тергеу топтары шықты.

Анықталдай, Қарағандының 59 жастағы тұрғыны азық-түлік тауарларын сататын сауда кәсіпорнында менеджер болып жұмыс істейді. Сол күні ол көтерме сауда ұйымынан жеткізілген өнім үшін 20 миллион теңге алып, ақшаны бас кеңсеге аудару үшін банкке барған. Ер адам қаржы мекемесіне кіре берісте тұрақтап, көліктен түспек болған сәтінде екі жігіт жүгіріп келіп, автокөлік есіктерін ашып, менеджердің қолындағы ақша салынған пакетті жұлып алмақ болған. Бірақ ер адамның қатты қарсылық көрсетуімен олар пакетті жыртып, жерге түскен бума ақшаны ғана өздерімен алып кеткен. Шығын көлемі 500 мың теңгені құрады.

 

– Ер адам полицияға оқиғадан үш сағат өткен соң ғана жүгінді. Оның айтуынша, ол алдымен қалған ақшаны бас кеңсеге жіберуді көздеген. Аталмыш уақыт ішінде күдіктілер қаладан кетіп үлгерді. Біз оларды Шығыс Қазақстан облысының аумағында анықтадық. Екі облыстың полицейлері бірлесіп жұмыс істеп, үш күдіктіні ұстадық, – деді Қарағанды қаласы ПБ КПБ бастығы Ескендір Əубəкіров.

Күдіктілер – Қарағанды қаласының 22-28 жас аралығындағы тұрғындары. Оларға қатысты сот “қамауда ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Сотқа дейінгі тергеу “Қарақшылық” бабы бойынша жүргізілуде.

Ақпарат көзі Polisia.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде