jasqazaq.kz

Қарақшылар 80 жастағы кейуанаға шабуыл жасады

11 наурыз 2020, 10:39

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында екі ер адам зейнеткердің үйіне баса-көктеп кірген.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тонаушылар Серебрянск қаласының 80 жастағы тұрғынына пышақ кезеп, 33 мың теңгесін тартып алған. Қарақшыларды қолға түсіру үшін криминалдық полиция басқармасының және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылған.

«29 және 30 жастағы күдіктілер көп ұзамай қолға түсті. Екеуі де Алтай ауданының тұрғындары. Бұрын сотталмаған. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 192-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық