jasqazaq.kz

Қарақат Башанова Junior Eurovision байқауында 2-ші орын алды

30 қараша 2020, 10:49

Қарақат Башанова Junior Eurovision 2020 халықаралық ән байқауында 2 орын алды. Байқаудың финалы «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Көрермендер мен қазылар алқасының дауыс беру нәтижелері бойынша Қарақат Башанова 152 ұпай жинады. Ол гранд-финалда «Forever» әнін орындады. Аталмыш музыкалық композицияны Қарақат 5 жыл бұрын өмірден өткен әкесіне арнаған болатын.

«Бұл менің ғана емес, Қазақ елінің жеңісі деп ойлаймын. Қолдағандарыңыз үшін, дауыс бергендеріңіз үшін баршаңызға көп рақмет. Алда мені әлі де көп жетістіктер күтіп тұр деп ойлаймын», — деді Қарақат.
Беделді музыкалық байқауда жеңісті Франция елінің орындаушысы 200 ұпаймен, үшінші орынды Испания елінің өкілі 133 ұпаймен иеленді.

Биыл финалға 12 орындаушы қатысты. Жеңімпаз қазылар алқасының дауыс беруі мен телекөрермендердің онлайн-дауыс беру нәтижелері бойынша анықталды.

Қазақстан аталмыш ән байқауға үшінші мәрте қатысуда. Қарақат Башанованың Junior Eurovision-2020-да өнер көрсететіні қыркүйек айында өткен Ұлттық іріктеудегі жеңісінен кейін белгілі болды.

Қазақстан Junior Eurovision байқауына алғаш рет 2018 жылы қатысып, дебют жасады. Сол кезде еліміздің атынан Данэлия Тулешова қатысып, «Өзіңе сeн» әнін орындады. Ол алтыншы орынды иеленді. 2019 жылы Ержан Максим «Арманыңнан қалма» әнімен екінші орынды (қазылар алқасының шешімімен бірінші) жеңіп алды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия