jasqazaq.kz

Қарағұсова қарттарға арналған үй салуды ұсынды

14 наурыз 2019, 17:30

Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова әріптестеріне қартайғанда тұратын кооператив салуды ұсынды. Ол бұл идеясын аз қамтылған отбасыларға қолдау шараларын талқылау кезінде айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Мәжілісмен Кеңес Абсатиров Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілінен әлеуметтік көмек көрсету барысында көпбалалы отбасының табысына ата-әжелердің зейнеті қосыла ма деп сұраған. Айта кетейік, бұл мемлекеттік жәрдемақының мөлшеріне әсер етеді. «Зейнетті табыс ретінде есептесек, неге өмір бойы балаларын сүйреп жүрген қарттар енді немерелерін сүйреуге міндетті болуы керек?» — деді депутат. Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова қолданыстағы заңнамаға сай үй қожайындарының табыстары есептелетінін айтты. «Егер жақын туыстары бірге тұрып жатса, бәрінің де табысы есепке алынады. Жақын туыстары деп «Неке және ерлі-зайыптылық кодексіне» енетін адамдарды айтамыз, олар — әжелер, аталар, бауырлар, әпке-сіңлілер, күйеуі, әйелі мен балалары», — деді Жақыпова. «Демек, оларды үйден қууға мәжбүр етесіздер ме?», — деп сұрады Абсатиров. Ал Гүлжан Қарағұсова бұл мәселе бойынша өз пікірін қосты: «Қуып қайтеміз? Бізге арнайы үй салу қажет, қартайғанда балалардың өміріне кедергі жасамай, сол жаққа барамыз. Бұл қарттар үйі емес. Бұл жеке кооперативтер болады. Бірнеше жыл өтсін, Татьяна Михайловна (қаржы вице-министрі Савельева — авт.) мен Татьяна Ивановнамен (Мәжіліс депутаты Яковлева — авт.) бірге сондай үй саламыз да, балаларға кедергі келтірмес үшін, сол жақта өз табысымызбен өмір сүруге кетеміз».

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда