jasqazaq.kz

Қарағандының «Орталық әмбебап дүкен» сауда үйінен 80 адам эвакуацияланды

29 тамыз 2021, 15:27

Қарағандының «Орталық әмбебап дүкен» сауда үйінен 80 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Белгісіз ер адам 102-ге қоңырау шалып, сауда үйіне бомба қойылғанын хабарлады. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Бүгін сағат 12.05-те «102» пультіне «Орталық әмбебап дүкен» сауда үйіне бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына барлық мамандандырылған қызметтер жіберілді. Ғимараттан 80-ге жуық адам эвакуацияланды.

«Полиция қызметкерлері ғимаратқа тексеру жүргізді, жарылғыш заттар табылған жоқ. Сағат 13.00-де доғару командасы берілді. Қазіргі уақытта қоңырау шалушы анықталып, ұсталды. Ол 30 жастағы қала тұрғыны болып шықты», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия