Қарағанды полицейлері Ақтөбенің жүк көлігінен 18 тонна балық тапты, деп хабарлады ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсы.
«22 сәуірде Қарағанды облысы ПД табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Уылдырық шашу» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Сағат 8.40 шамасында «Екатеринбург-Алматы» автожолында Қарағандыға кіре берісте полицейлер Ақтөбенің 28 жастағы тұрғынының басқаруындағы жүк көлігін тоқтатты. Аталған көлік құралын тексеру барысында жүк бөлімінен 17 тонна сазан және 1 тонна 200 кг берш балықтары табылды «, — делінген хабарламада.