jasqazaq.kz

Қарағандылық әйел әлеуметтік желілерде порно-видеоларын сатқан (видео)

28 қазан 2020, 17:29

Қарағандылық полицейлер әлеуметтік желілерде порнографиялық бейнежазбаларын таратқан әйелді ұстады.

Қарағанды облысының полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Instagram және Telegram-да порнографиялық материалдар жариялау фактісін анықтады.

«Бұл бейнежазбалар тек Қазақстанға ғана емес, басқа да мемлекеттерге тараған. Hi-tech жедел-алдын алу іс-шаралары барысында жедел уәкілдер бейнежазбаның авторын анықтады. Ол Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты. Ол бір топ адаммен бірге бейнежазбалар түсіріп, әлеуметтік желі арқылы сатып отырған.

Әлеуметтік желіде бейнежазбалардың бағалары да жарияланған. Мәселен, бес минуттық интимдік бейнежазба 7 мың теңге немесе 1200 ресей рубліне бағаланса, алдын ала тапсырыс бойынша бейнежазба 17 мың немесе 3 мың ресей рубліне бағаланған. Ал басты рөлдегі әртіспен интимдік кездесу құны 300 АҚШ долларына белгіленген», — деп жазады дереккөз.

«27 қазанда Қарағанды облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні ұстады. Оның заңға қайшы әрекеттеріне байланысты айғақ заттар тәркіленді. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабына («Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату») сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның серіктестерін анықтау және іздеу бойынша кешенді іс-шаралар өткізіп жатыр», – деді Қарағанды облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Ислам Мусин.

https://youtu.be/vf4hDPjc6DM

Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия