jasqazaq.kz

Қарағандыдағы тоқ ұрған бала қайтыс болды

23 тамыз 2018, 10:39


Қарағандыда теміржол вагонына шығамын деп тоққа түскен 10 жастағы бала есін жимастан ауруханада көз жұмды. Денесінің 80 пайызы күйік шалып, өмір мен өлімнің арасында арпалысып жатқан балаға дәрігерлер араша түсе алмады.

Stan.kz  жазғандай, вагонға шықпақшы болып ажал құшқан баланы досы оқиғаның қалай болғанын баяндап берді.  Қарағандыда тоқ соққан бала қайтыс болды. Жанында болған досы оқиғаның мән-жайын айтып берді. «Ол «жүр вагонға шығайық» дегенде мен қарсы болдым. Бірақ, ол сонда да өзім шығамын деп кетіп қалды. Ол вагонға шыққанда сары бірдеңе лап етті. Көзімді аша қалсам, ол жерде жатыр. Содан мен қорқып, үйге жүгіріп кеттім»,-дейді куәгер Рафаэль Шегебаев.

Тоқ соғып жерде сұлап жатқан бала сол жерден өтіп бала жатқан адамдардан көмек сұраған. Баланы көрген ер адамдар оған тіпті жақындауға қорыққан. Теміржол маңы жергілікті балалардың сүйікті орны екені бәріне белгілі. Баланың қатты күйіп қалғанын көрген дәрігерлер оны вольт доғасы соққан деген ойда.

Қатты шошынып қалған бала не болғанын түсінбей, дәрігерлерге түсіндіре алмады. Алдын ала болжам бойынша, бала жүк пойызының вагонына шыққанда қатты тоқ соғып оны жерге бірақ ұшырған. Енді бұл оқиғаға қатысты «теміржол жолдарының қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, кеше Қарағандыда теміржол вагонына шықпақшы болған баланы тоқ соғып, аурухана түскені жайлы хабарлаған болатынбыз.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді