jasqazaq.kz

Қарағандыдағы Октябрь ауданының аты қазақшаланды

09 желтоқсан 2021, 18:03

Қарағандыдағы Октябрь ауданының атауына Әлихан Бөкейхановтың есімі ресми берілді. Бұл хабарды Қазақ радиосының директоры Дулат Абибуллаев өзінің Facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жаңа ғана Қарағанды облыстық әкімдігі мен мәслихатының бірлескен шешімі қабылданды. Енді шешімді Әділет басқармасына тіркеу ғана қалды», — деп жазды ол.

Еске сала кетейік, биыл наурыз айында Қарағандыда Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімін беруге қатысты қоғамдық тыңдау өтті. Оған 685 тұрғын қатысып, өз пікірін білдірді. Аталған мәселе бойынша нормативтік-құқықтық шаралар жүргізіліп, бұл ұсыныс қалалық сессиядан кейін облыстық әкімдікке жолданған. Осылайша Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында елімізде тағы бір ауданның атауы қазақшаланбақ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде