jasqazaq.kz

Қарағандыда жүздеген адам ЛГБТ өкілдеріне қарсы шықты (Видео)

29 шiлде 2021, 11:31

Қарағанды қаласында жүздеген адам бизнес орталықтың алдына жиналып, ЛГБТ қауымдастығы өткізген тренингке наразылық білдірді.

Оқиға орнынан түсірілген видеодан арнайы жасақтың ғимаратты қоршауға алғанын көруге болады.

Ер адамдар: «Сыртқа шығарып тастаңдар! Аллаху әкбар!», — деп айқайлайды. Ал полиция қызметкерлері дауыс зорайтқыш арқылы оларды сабырға шақырады. Одан кейін ғимараттан бірнеше адам шығып, көлікке отыра бастады. Осы кезде жиналғандар одан да қатты айқайлайды. «Міне, жігіттер! Бәрі шықты! Енді сабыр етіңдер! Болды енді», — дейді полицейлер.

Айта кетсек, 28 шілде күні Қарағандыға ЛГБТ қауымдастығының өкілдері келген. Олар Абай көшесінде орналасқан бизнес орталықта кабинет жалдап, тренинг өткізбекші болыпты. Бірақ оны естіген жергілікті тұрғындар наразылық білдіріп, тренингті тоқтатуды талап етті. Ал тәртіп сақшылары жағдайды ушықтырмау үшін арнайы жасақтың көмегімен ғимаратты қоршауға алды. Сосын ЛГБТ өкілдерін көлікке отырғызып, қауіпсіз жерге шығарды.

Қазіргі кезде қауымдастықтың белсенді өкілдері Қарағанды облысынан кетіп қалған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Қазақстан жаңалықтары (@qazaqstan.24)

stan.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия