jasqazaq.kz

Қарағандыда жоғары лауазымды шенеунік 500 адамға ұзату тойын жасады (Видео)

07 тамыз 2021, 22:48

Қарағандыда шенеунік қала мейрамханаларының бірінде қызының ұзату тойын жасап, 500 адам қонақ жинаған. Бұл жағдайды мобильді топ тіркеді. Мейрамхананың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін Қарағандыдағы мейрамханалардың бірінде мобильді топ өкілдері карантиндік шектеудің бұзылу фактісін анықтады. Белгілі болғандай, онда 500 адам шақырылып, қыз ұзату өткізген. Әлеуметтік желілерде мейрамхана маңына көп көлік жиналғаны туралы видео жарияланды. Іс-шараны облыстың жоғары лауазымды шенеуніктерінің бірі ұйымдастырған.

«Санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың бұзылуына байланысты «Ариста» мейрамханасының иелеріне қатысты нысанның қызметін тоқтату бойынша шара қабылданады. Халықтың COVID-19 ауруының өсуіне қарамастан, мекеме иелері мен бұқаралық шара ұйымдастырушылар жақындарына инфекцияның жұғуы мен таралу қаупін төндіретіні өте өкінішті. Бұл мәселе Қарағанды қаласы әкімдігінің, құқық қорғау органдарының және мониторинг тобының жеке бақылауында», — деп түсіндірді Қарағанды қалалық әкімдігі.

Мобильді топтар бұзушылықтарды анықтау жұмысын жалғастырып жатыр. Ресми емес мәліметке сенсек, бұл шенеунік — Қарағанды облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы.

 

https://youtu.be/dKUcjw7jwbQ

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия