jasqazaq.kz

Қарағандыда жерге қадалған пышақтар жұртты үрейлендіріп қойды

02 тамыз 2018, 22:07

Қарағандыда топыраққа пышақ қадап кетушілерді жұрт шын-шайтанға теңеді Қарағанды полицейлері бірнеше жерде топыраққа 100-ден аса пышақ қадап кеткендерді іздеп таппай жатыр. Соңғы рет тұрғындар балалар ойнайтын ауладан қадалған 17 пышақты байқаған. Бұл жағдайға байланысты жұрттың ойы сан саққа жүгіруде. Бірі мұны ауланы абаттандыратын жұмысшылар тастап кеткен десе, екіншілері жын-шайтандарды шақыратын діни жоралғы екенін айтып, қара аспанды төндіріп жүр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Алғашқы 25 пышақ көше бойында отырғызылған гүлдердің арасынан табылды. Мұны көргендер бұларды абаттандырушылар тастап кетті деп болжаған. Аз уақыттан соң тура осындай 72 пышақ екінші бір көшедегі гүлдердің арасынан алынды. Ал қаланың саябақтарды басқару бөліміндегілер абаттандыру жұмыстарына пышақты қолданбайтындарын айтып ант су ішуде. Артынша, аулалардың бірінен тағы 17 пышақтың қадалып тұрғанын көрген жұрттан тіпті зәре кетті. Осы арада жергілікті әулиесымақтар бұл шын-шайтанды шақыратындардың ісі деп жатыр. Ал тәртіп сақшылары әзріге қара жерге қадалған пышақтардың құпиясын аша алатын емес. Сондықтан ойы сан-саққа жүгірген жұрт полициядан елді дүрліктіргендерді тезірек табуды талап етіп отыр.

Вероника Бабаева, Қарағанды қаласының тұрғыны: — Қазір біз сан түрлі болжамды ойлап тауып, дүрліккеніміз дүрліккен. Мұны әрқайсысы өзіне жасалған бір діни жоралғы деп бастары айналып жүр. Ауладан табылған пышақтармен балаларға қастандық жасалғалы жатыр деп соғып жүргендер де бар. Болжамдардың ұшы-қиыры жоқ. Сондықтан полицейлер осыны істегендерді тауып, елді сабасына түсіргені жөн.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді