jasqazaq.kz

Қарағандыда жасөспірімді аялдамада пышақтап кеткен: Кінәлі қамауға алынбады

22 шiлде 2021, 15:33

Қарағандыда 23 және 36 жастағы мас ер адамдар аялдамада тұрған 16 жастағы жасөспірімге пышақ жарақатын салды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Вечерняя Караганда» телеграм каналына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жасөспірім олардан боқтамауын және өздерін дұрыс ұстауын өтінген. Алайда жауап ретінде 23 және 36 жастағы екі ер адам жасөспірімді соққыға жыққан.

Бірақ зардап шеккен Темірланның анасы Telegram-арна әкімшілерімен байланысқа шығып, ұлы төбелес кезінде үш жерден пышақ жарақатын алғанын айтқан. Біреуі басына, біреуі кеудесіне және тағы біреуі қолына тиген. Қолындағы жараны тігуге тура келіпті.

«Құдайға шүкір ер адамдардың біреуі аяғын әзер басып тұрған. Соның арқасында балам аман қалды. Әйтпесе не болар кім біледі», — дейді Темірланның анасы Айсұлу Матаева.

Әйел оның ұлы аялдамада тұрған кезде екі жігіттің келгенін айтқан. Олар әдепсіз мінез-құлық танытқаннан кейін 16 жасар Темірлан өздеріне лайықты әрекет етуді өтінген.

Ер адамдар жасөспірімді өз аттарымен, осы жердегі белді адамдар екенін айтып қорқытқан. Бірақ жас жігіт оларды танымайтынын айтқан. Содан кейін төбелес басталып кеткен. Куәгерлердің ешқайсысы жанжалға араласуға тырыспапты.

Жасөспірімнің анасы кінәлі адамның бостандықта шыққанын айтады.

Ал Қарағанды облысының полиция департаменті «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия