jasqazaq.kz

Қарағандыда жалған куәлікпен жолаушылар автобусын жүргізген ер адам ұсталды

25 ақпан 2022, 17:08

Қарағандыда полицейлер жалған куәлікпен жолаушылар автобусын жүргізген ер адамды ұстады. Ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полицейлер жедел-іздестіру шаралары барысында жалған құжат жасатқан жүргізушіні анықтады.

«24 ақпанда полиция қызметкерлері әлеуметтік желілердің бірінде Қарағандыдағы автобуста болған жанжал туралы бейнероликті анықтады. Онда кондуктор жасөспірімді салоннан шығаруға тырысқан. Оқиғаға қатысушыларды анықтау үшін полицейлер іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде кондукторға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік материал жасалып, сотқа жолданды. Сонымен қатар, іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 25 жастағы ер адам басқарған басқа автобусты тоқтатқан. Ол полиция қызметкеріне жалған жүргізуші куәлігін көрсеткен. Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-ның 385-бабы «Құжаттарды қолдан жасау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», — деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Сондай-ақ, департамент кондуктор мен қарағандылық жасөспірім арасындағы кикілжіңнің мән-жайын айтты.

«Автобусқа мінген 15 жастағы оқушы билетін көрсетіп, кондукторға жол ақысы үшін 40 теңге берген. 21 жастағы кондуктор төлемді толық талап еткен, жасөспірім төлеуден бас тартқан. Бұл жанжалға себеп болды», — деп қосты баспасөз қызметі өкілдері.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде