jasqazaq.kz

Қарағандыда түрмедегі бір сотталушыға жылына 2 млн теңге жұмсалады (видео)

09 желтоқсан 2020, 11:05

Қарағанды облысында түрмедегі бір сотталушыға жыл сайын екі миллион теңгеге жуық ақша жұмсалады. Сотталушыларға түрлі соғым да сойылады. Жылқы еті мен сиыр етінен сорпа ішіп, палау да жейді. Ал олардың ем-домына жылына 153 миллион теңге кетеді екен. Түрмеде жатып түберкулезбен ауырғандардың емделуіне күніне тіпті 60 000 теңге қарастырылған. Бұл туралы «31» арнаның «Информбюро» бағдарламасы хабарлайды.

Қарағандыдағы АК-159/11 түрмесінде ұрлық бабынан бастап, адам өлтіру сияқты ауыр қылмыспен сотталғандарға дейін жазасын өтеп жатыр. Мұнда сотталушыларға жағдай жақсы жасалған. Күніне үш мезгіл берілетін астары да құнарлы.

Ғани Сансызбаев осыдан бірнеше жыл бұрын адам өлтіріп, сотталыпты. Қазір ол түрмеде аспаз екен.

«Сиырдың еті келеді, жылқының еті келеді. Мейрамдарда қойдың етін алып келеді. Қойдың етінен мерекелік палау жасап бердік», — деді жазасын өтеуші Ғани Сансызбаев.

Тонна-тонна сиыр мен жылқының етінен өзге, сотталушылардың жағдайлары жергілікті ауруханалардың пациентерінен едәуір жақсы. Күнделікті жатар орындары да ыңғайлы. Арнайы киім жуатын орын бар. Сонымен қатар сотталушылардың кешкілікті уақытта шүйіркелесіп шай ішіп отыратын жерлері де бар екен. Тіпті мында замауи тоңазытқыш пен қысқа толқынды пеш те қойылған.

Ақ халаттылардың айтуынша, бұл жердегі туберкулезбен сырқаттанған сотталушыны емдеу үшін күніне алпыс мың теңге кетеді екен. Тіпті күнделікті беретін препараттың құны бес жүз мыңнан асады.

«Біздің науқастарды күнделікті емдеуге алпыс мың теңге кетеді. Егер оны жүз дозаға көбейтсек, cонда 36 миллион теңге. Бұл тек бір науқасқа кететін сома», — деді АК-159/11 дәріхана меңгерушісі Тамара Рованова.

«Жылына 153 миллион теңгеге дәрі-дәрмектер алады. Витамин бар, препараттар бәріне», — деді АК-159/11 түрме басшысының орынбасары Ерлан Тоқанов.

Қарағанды облысы бойынша 4 000 сотталушы жазасын өтеп жатыр. Ал АК-159/11 абақтысында 200-ден астам адам отыр. Бір сотталушыға күніне бюджеттен бөлінетін қаржы сомасы- 5511 теңге. Оның ішінде азық-түлігіне 1929 теңге, дәрі-дәрмекке — 2112 теңге кетеді. Ал қалған 1470 теңгесі — коммуналдық төлемдерге жұмсалады. Тағы бір айта кететіні бұл — республикадағы жалғыз зертханасы бар түрме. Мұнда елдегі жазасын өттеушілердің денсаулықтарын сараптамадан өткізеді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық