jasqazaq.kz

Қарағандыда тұрғын үй кешендерінің бірінде лифтті қиратқан ер адам ұсталды

30 қараша 2021, 16:21

Қарағанды ​​тұрғыны тұрғын үй кешендерінің бірінде лифтті қиратты. Ер адам ұсталып, оған қатысты әкімшілік материал толтырылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде бұзақылық жасаған ер адамның видеосы тарап кетті. Кадрларға қарағанда, оқиға «Комфортный дом» тұрғын үй кешенінде болғаны байқалады. Болжам бойынша, ер адам лифтке қамалып қалып, ашуланғаннан есікті тепкілей бастаған. Дәл осы кезде оның қасында болған әйел оны тоқтатуға әрекеттенген. Салдарынан лифт есіктері зақымданған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от #караганда#блог (@eto_karaganda_detka)

Видеоға полицейлер қызығушылық танытқан. Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі құқықбұзушының жеке басы анықталғанын айтты.

«15 қарашада Қарағанды ​​қаласының Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінде белгісіз біреу лифт есігін зақымдағаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция жасағы ұсақ бұзақылық дерегін тіркеді. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде тұрғын анықталды, ол 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты», — деді ведомство өкілі.

Құқықбұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік іс қозғалған.

Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық