jasqazaq.kz

Қарағандыда теміржол вагонына шыққан баланы ток соқты (видео)

22 тамыз 2018, 16:26


Қарағандыда шамамен 9-10 жастағы бала теміржол вагонына шығып, қатты ток соққысын алған. Бала жансақтау бөлімінде жатыр.

 Tengrinews.kz  жазғандай, төтенше жағдай 21 тамызда «Жаңа Қарағанды» бекетінде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, шамамен 9-10 жастағы бала жүк вагонының төбесіне шығып, қатты ток соққысын алған. Оқиға түсірілген видео Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды. Кадрларда теміржол аумағы мен ауыр күйік жарақатын алған бала көрінеді. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер зардап шегушінің жағдайын түсіндірді. Ведомствоның мәліметінше, бала профессор Х.Мақажанов атындағы ортопедия және травматология орталығына жеткізілген. «Бала ауруханаға кеше жеткізілді. Шамамен 9-10 жаста. Жағдайы ауыр. Денесінің 80 пайызы күйген, бала жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды, ес-түссіз жатыр. Ол жансақтау бөлімінде, барлық қолдан келген көмек көрсетіліп жатыр», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді