jasqazaq.kz

Қарағандыда полиция бөлімінің жанында той жасаған (видео)

18 тамыз 2020, 22:26

Қарағандыда жергілікті тұрғындар полиция бөліміне таяқ тастам жерде той жасаған. Музыканы бар дауысына қойып бидің түбін түсіріп жатқандар аяқ астынан «қонаққа келген» полицейлерді де елеген жоқ. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ішкі істер бөлімі маңында орналасқан мейрамханаға у-шудың мәнін білмек болып бір полицей бас сұққан. Думандатқан топты көрген соң, іле-шала әріптестерін шақырыпты. Полицейлерді кешігіп келген қонақтар деді ме, тойдағылар тоқтайтын түр көрсетпеген. Ара қашықтықты сақтап, бетперде таққан біреуі жоқ. Тексерушілерге төрде отырған жас жұбайлар да мән бермеді. Өйткені жауапқа тартылатын тойхана иесі ғана екен. Музыканы өшіріп, бишілерді тыйған полицейлер тойды тарқатып бірақ кетті.

Ерлан Есжанов, Михайлов полиция бөлімінің бастығы:

— Музыканың қатты шыққан дауысын естідік. Мейрамханаға кірсек, үйлену тойы болып жатыр. Тойды тоқтатып, мейрамхана қожайынына қатысты әкімшілік кодекстің 425-бабымен іс қозғалды. Енді ол ірі көлемде айыппұл төлейді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде