jasqazaq.kz

Қарағандыда педофил өгей қызын жарты жылдан аса уақыт зорлап келген

10 қараша 2021, 17:20

Қарағандыда педофил жарты жылдан аса уақыт 15 жастағы өгей қызын зорлап келген. Ол 12 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Педофилге қатысты даулы іс Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сот педофилдің кәмелетке толмаған баланы 2019 жылдың қаңтарынан тамызына дейін зорлағанын анықтады.

«Сотталушы түнде 2004 жылы туған, кәмелетке толмаған өгей қызының жатын бөлмесіне барып, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған. Бұл жайт кәмелетке толмаған жәбірленушінің, оның заңды өкілінің, куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және істің басқа да материалдарымен расталды. Қарағанды облыстық соты оны 12 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды», — деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.

Жақында педофил Қарағанды облыстық сотына апелляциялық шағым түсірген. Облыстық соттың сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

«Сот заңда көзделген ең қатаң жазаны тағайындады. Сот алқасы үкімнің күшін жоятын не оны өзгертетін материалдық және іс жүргізу заңының нормаларын бұзушылықтарды қараған жоқ. Үкім заңды күшіне енді», — деп толықтырды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, биыл тамызда Қарағандыда тағы бір педофил туралы хабарланған болатын, ол бірнеше жыл бойы өгей қызын зорлаған. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, ол 2017 жылдан бастап сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған. Педофил ішімдіктің әсерінен жыныстық зорлық-зомбылық жасап, баланы қорқытып, күш қолданған. Бұл қылмыс туралы 2019 жылдың қарашасында белгілі болып, 25 жылға бас бостандығынан айырылды.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр