jasqazaq.kz

Қарағандыда пакет ішінен табылған нәрестеге қатысты тың мәлімет жарияланды

12 сәуiр 2022, 10:06

Қарағандыда қоқыс пакетінен табылған сәбиді анасы даладағы ағын суға тастаған болуы мүмкін. Куәгерлердің болжауынша, жаңа туған нәрестенің денесі гараж маңына қар суымен ағып келуі ғажап емес, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арада екі күн өтсе де пакет жатқан маңайдан күдікті әйел табылмаған. Полиция көкек ананы әлі іздеп жатыр. Пакеттегі сәбидің денесінен ешбір зорлық- зомбылық белгілері байқалмаған. Тұрғындар европалық нәсілдегі балпанақтай ұл баланың жаңа ғана дүниеге келгенін кесілген кіндігінен-ақ анық білген. Қара пакетті Еленаның ұлы кешкісін өз гаражының бұрышынан тауып алған. Шошығанынан жақындары мен полицияны қоса шақырады. Әйелдің айтуынша, бұл маңайда күдікке ілінерлік ешкім жоқ. Жалпы куәгерлер қорқынышты пакет бұл маңайға қар суымен ағып келуі мүмкін, — деп болжайды. Олардың ойынша нәрестені анасы даладағы ағын суға лақтырып жіберуі мүмкін, делінген Астана телеарнасының сюжетінде.

Куәгер Елена:

Ымырт жабылған кез болатын. Ұлым гаражға келгенде пакетті көріп ашып қалған. Тыр жалаңаш баланы көргенде шошып кетіпті. Дереу полицияға хабарластық. Бұл маңайдан біреу тастады деп ойламаймын.

Әп-сәтте жедел жәрдем де жеткен. Алайда сәбиді құтқару мүмкін болмаған. Шетінеп кетіпті.

Куәгер Виктор:

Бүкіл ықшам ауданның суы осы жерге құйылады. Баланың денесі сол қар суымен ағып келуі мүмкін. Оның үстіне пакеттың аузы мұқият жабылған болды. Сәбиін тастаған адам сау емес, психикалық сырқат деп ойлаймын. Жануардың өзі күшігін өлтірмейді ғой.

Полиция екі күнен бері көкек ананы іздеп жатыр. Бірақ әлі таппады.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК- нің 100- інші бабы, яғни «жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Қарағанды облыстық ПД ресми өкілі Бақытжан Құдияров

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр