jasqazaq.kz

Қарағандыда өз үйінде 3 адам тірідей жанып кетті

14 қараша 2018, 22:23

Қарағандыда жер үйлердің бірінен өрт шығып, 3 адам тірідей жанып кетті. Опат болған әжесі мен қызын және 6 жастағы немересін ешкім құтқара алмаған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Баспанадағы өрт күндізгі сағат төрттен аса тұтаныпты. Қаланың шетінде үйлері шашырап салынған жер болғандықтан, көрші қолаң өртті кеш байқаған. Ал үйіне жұмыстан келген отағасы, тілсіз жауды өзі ауыздықтауға тырысқан. Алайда 70 шаршы метрді шарпыған қызыл жалын дес бермепті. Өрттен үйдің төбесі де опырылып түскен. Содан кейін ғана өрт сөндірушілерге хабар берілген. Құтқарушылар баспанадан өлі денелерді ғана алып шықты. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр.

Асыл Жүнісова, көршісі:

-Үшеуінің денесін біздің көзімізше алып шықты. Қарауға әрең дәтім барды. Денелері жанып кеткен. Жақсы адамдар еді. Балаға обал. Өрт біздің шатырымызды да шарпыды. Енді оны қалай жөндейтінімді білмеймін.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде