jasqazaq.kz

Қарағандыда оқушысы мектептің үшінші қабатынан құлап кетті

30 қантар 2019, 12:34

 Кеше күндіз Қарағандының «Көгілдір тоғандар» ықшамауданындағы №77 мектепте оқыс оқиға орын алды.

BAQ.kz  жазғандай, мектептің 3-қабатындағы терезеден бірінші сыныпта оқитын қыз бала абайсызда құлап кеткен. Абырой болғанда, бүлдіршін дін аман.
Алдын ала мәліметтер бойынша, оқушы қыз қарға құлаған. Оның өмірін үйіліп қалған қар сақтап қалған. Бүлдіршін ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның өміріне қауіп төніп тұрмағандығын айтады. Қазіргі уақытта төтенше оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.
«Қыз бала алдымен Х.Мақажанов атындағы ортопедия және травматология орталығына жеткізілді. Ол биіктіктен құлаған. Оны нейрохирург пен травматолог мамандары тексерді. Баланың ішкі ағзасына зақым келмеген. Осыдан кейін бала мен оның анасы облыстық клиникалық балалар ауруханасына ауыстырылды. Баланың денсаулығына қажетті көмектің барлығы көрсетілуде», — дейді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.
Оқыс оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мектеп басшылығы тексеріп жатыр.
«Сабақтан кейін мұғалім оқушылардың барлығын класстан шығарып, есікті жапқан. Оқушылардың біреуі ұмыт қалған затына қайтып келген болуы керек. Алайда ол есіктен қайыра шыға алмаған. Бізде бірінші сынып оқушылары сабақты бірінші қабатта оқиды. Сондықтанда, есіктен шыға алмаған бала, терезеден шықпақшы болуы мүмкін», — дейді мектеп директорының орынбасары Рымжан Әділжанова.
Соңғы мәліметтер бойынша, оқушы қыздың мұғалімі оқиға орын алғаннан кейін ауруханаға түскен. Бастауыш сынып мұғалімінің қан қысымы көтеріліп, жүрегі ауырған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда