jasqazaq.kz

Қарағандыда оқушы соққыға жығылды

27 қантар 2019, 14:22

Қарағандыда мектеп оқушылары пиццерияда орын беруден бас тартқан баланы ұрып-соққан, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Соққыға жығылған баланың анасы оқиғаның 26 қаңтарда сағат шамамен 15.00-де қаладағы пиццериялардың бірінде болғанын айтты. «Балам 11-де, ол пиццерияға достарымен бірге тамақтануға барған. Төртеуі. Тамақтанып отырған кезінде алты-жеті бала келіпті. Үлкендері де, жастылары да бар. Балам өзгелердің жанында үлкенірек көрінеді, спортпен айналысады. Пиццерияға келгендер оны семіз деп, орынды босатуын талап еткен. Балам тұрмай қойған. Бұдан кейін әлгі балалар ұлымды шығарып алып, төбелеске шақырған, балам төбелеске уақыты жоқ екенін айтқан, ата-анасымен қонаққа баратынын айтты. Ол ештеңе істемей тұрды, сонда балалардың бірі оған бетінен күтпеген соққы жасады. Ол құлады, қалған екі бала оны тепкілей бастады. Ұлымның достары кішкентай, ештеңе істей алмай, қарап тұрды», — дейді әйел. Оқиға видеобақылау камерасына түсіп қалған. Видео кадрларынан құлаған баланы өзгелердің тепкілеп жатқанын көруге боалды. Қар үстіне тамған қан анық көрінеді. «Шын мәнінде төбелес болды. Бірнеше жасөспірім біздің мекеменің алдында бір баланы соққыға жыққан. Өзіміз де не болғанын түсінбей қалдық. Қызметкерлеріміз камерадан бірдеңе болып жатқанын көріп, бірден далаға жүгіріп шықты. Келушілер мен көшедегілер бізге көмектесе бастады», — дейді ауысым менеджері Бекарыс Сәби. Қазіргі уақытта бала үйінде. Анасының айтуынша, ол абырой болғанда ауыр жарақат алмаған, бірақ түні бойы ұйықтамапты.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда