jasqazaq.kz

Қарағандыда өгей қызын зорлаған ер адам ұсталды

29 қыркүйек 2019, 16:44

Өз пәтерінде мәжбүрлеп ұстап, өгей қызын зорлаған қарағандылық азамат 9 жылға бас бостандығынан айырылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Бесінші арнаға» сілтеме жасап.

Істің егжей-тегжейі Қарағанды ​​облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінде айтылды. «Анасы жұмыста болған кезде өгей әкесі балаларды балағаттап, ұрған, физикалық зорлық-зомбылық пен кісі өлтірумен қорқытқан. Ұзақ уақыт бойы балалар қорқып, зорлық-зомбылықты тіпті анасынан жасырған. Сәуір айында ол полицияға хабарлаған», — деді облыстық ПД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Жанатай Сембеков. Екі күн бойы ол әйелінің үш баласын тұтқында ұстаған. Қала орталығындағы пәтер олардың «түрмесіне» айналған. Сотталушы 19 жастағы өгей қызын зорлап, басқа балаларды ұрып-соққан. Ер адамның деструктивті діни ағымның өкілі екені хабарланған. Ол өзін діндар деп санап, сақал қойған және діни білімді интернеттен алғандығы белгілі болды. 20 қыркүйекте Қазыбек би аудандық соты ер адамды жыныстық зорлық-зомбылық көрсету және заңсыз қамауға алу баптары бойынша үкім шығарды. Сот аяқталды, айыпталушы дені дұрыс деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын барынша қауіпсіз колонияда өтейтін болады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда