jasqazaq.kz

Қарағандыда науқас дәрігерге шабуыл жасады (видео)

21 сәуiр 2022, 17:59

Әлеуметтік желіде науқастың медицина қызметкеріне соққы жасаған видеосы тарады. Дәрігерге шабуыл жасау дерегі полицияға тіркелген. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды.

Оқиға Қарағанды ​​қаласындағы Х.Ж. Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығында болған. Видеоға науқастың дәрігерді жұдырықпен ұрған сәті түсірілген.

Бұл оқиғаға қатысты Қарағанды ​​облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі пікір білдірді.

«16 сәуірде профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы аурухананың қабылдау бөліміне 1986 жылы туған ер адам жүгінген. Ол оң қолы ауырып, ісіп тұрғанына шағымданған. Науқастың айтуынша, ол құлаған кезде оң қолын жарақттап алған. Тексеру нәтижесінде «оң қолдың жабық ұсақталған сынығы» диагнозы қойылып, бекіту таңғышы салынды. Осыдан кейін сүйектің қайта ығысуын болдырмау мақсатында науқас хирургиялық емдеуге жіберілді. Алайда ол гипс қолданудан үзілді-кесілді бас тартты. Ол өзін дөрекі ұстап, кезекші травматологқа дене жарақатын салған», — деді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, баспасөз қызметі аурухана әкімшілігі полиция шақырғанын қосты. Дәрігерге жасалған шабуылдың видеосы тәртіп сақшыларына тапсырылған.

Оқиғаға Қарағанды ​​облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі де пікір білдірді.

«Факт тіркелді. Бүгінде тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деді баспасөз қызметі өкілдері.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ОБЪЯВЛЕНИЯ НОВОСТИ КАРАГАНДА (@vsya_karaganda)

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр