jasqazaq.kz

Қарағандыда мүгедек балаларға берілетін 30 мыңдық аяқ киімнің сапасы өте нашар

07 желтоқсан 2022, 12:17

Қарағандыда мүгедек балаларға мемлекет есебінен берілетін арнайы аяқ киімдердің сапасы сын көтермейді. Жарымжандарды жетектеп жүрген ата-аналар балаға арналған етік қалай болса солай тігілген, киюге мүлде жарамсыз дейді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Виктория Клюкач, Қарағанды тұрғыны:

— Кейде үлкен аяқ киім келеді. Бірде кішкентай, сыймайды. Былғарысы қалың, иілмейді, икемсіз. Табаны тастай, қатып қалған. Бір сөзбен айтқанда, қалай болса солай тігілген. Бірақ бағасы 30 мың теңге. Бюджеттен мына ебедейсіз аяқ киімге осынша ақша төлейді.

Қарағандыдағы мүгедек балалардың аналары қоғамдық бірлестігі осы меселені айтқанына бірнеше жыл болған дейді. Арнайы аяқ киімді ата-аналар тек әлеуметтік қызмет көрсету порталы арқылы тапсырыс беріп алдыра алады. Ал онда тіркелген өндірушілер саусақпен санарлық. Сондықтан арасынан өзі таңдағанына тапсырыс береді. Екеуара келісімнен кейін аяқк иімнің құны бюджеттен төленеді. Бірақ тігілген етік сапасыз болып шығады. Сондықтан ата-аналар арнайы аяқ киімді басқа жерден өз ақшамызға сатып алуға мәжбүрміз дейді. Ослай болмас үшін олар бюджет қаражаты әр балаға қолма-қол ақша қып аударылса деп отыр. Бірақ шенеуніктер бюджет ақшасын бөлудің ортақ тәртібі өзгермейді деді. Сондықтан талапқа сай келмеген өнімді алмай қоюға қақысы бар.

Айгүл Сүлейменова, Қарағанды облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

— Орындаушыны сапалы өнім жеткізуге ынталандырудың механизмі бар. Егер тапсырыс берушіге өнім сапасы ұнамаса, біріншіден, оны қабылдамау керек. Сонда ол келесіде сапаға көңіл бөледі. Екіншіден, олардың үстінен арыз-шағым

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде