jasqazaq.kz

Қарағандыда Лениннің суретін салған адам іздестіріліп жатыр (Видео)

18 маусым 2021, 11:03

 Қарағандыда әлемдік пролетариат көсемінің суретін салған адам іздестіріліп жатыр. Белгісіз суретші қала ортасындағы бұрынғы Ленин, қазіргі Абай көшесіндегі үйге Лениннің суретін қайта-қайта салып, биліктегілердің мазасын қашыруда. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

«Бұл менің көшем» деген жазуы мен көсемнің бейнесі бар сурет Абай көшесіндегі №21 үйде он күн бұрын салынған. Оны тұрғындар үстінен бояп көзін құртқан. Алайда екі күн бұрын тура сол орында Лениннің суреті тағы пайда болды. Бұл жолы суретті қала әмідігінің өзі өшірді. Қазір полиция суретшіні іздеп жатыр. Аталған көше осыған дейін Лениннің атымен аталған. Былтыр көшенің атын Абайдың атына ауыстыру меселесімен қоғамдық тыңдалым өтті. Нәтижесінде коммунистер қанша туласа да, дауыс басымдығымен көшеге ұлы Абайдың есімі берілген. Қала билігі Абай көшесінде Лениннің суретінің пайда болуынан саяси астар көрмейтінін айтады.

Нұрлан Рыстин, Қазыбек би ауданының әкімі:

— Мұнда саяси астар бар деп айта алмаймын. Атын шығарғысы келіп хайп қуып жүргендердің ісі болуы мүмкін. Бұл көшедегі үйлердің сырты былтыр ғана жөнделген. Көшенің сәнін бұзбау үшін соларға айтып, суреттің бетін сырлаттық. Полицияның қолына түссе, ойында не болғанын сұраймыз.

 

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия