jasqazaq.kz

Қарағандыда көріпкел қала тұрғынының 12 млн теңгесін алдап алған

14 желтоқсан 2021, 12:11

Көріпкел Қарағанды тұрғынын 12 млн теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

7 желтоқсанда Қарағанды ​​қаласының Киров аудандық полиция бөліміне 41 жастағы қала тұрғыны арызданған. Арызданушы әлеуметтік желіде белгісіз бір адам жариялаған «Тегін болжау» атты жарнаманы байқағанын айтты.

Хат алмасу барысында белгісіз біреу жәбірленушінің сеніміне кіріп, түрлі сылтаулармен адастырған. Осылайша, арызданушы бірнеше қадамдармен онлайн аударымдар арқылы әлдебір белгісіз біреуге шамдар мен ғұрыптық керек-жарақтарды сатып алу үшін жалпы сомасы 12 млн 266 мың теңге аударған. Бірақ тапсырыстар ешқашан орындалмаған. Алданып қалғанын түсінген әйел полицияға жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 10 желтоқсанда көріпкелді анықтап, ұстады. Көріпкел 23 жастағы жас жігіт болып шықты. Күдікті қылмысын мойындады. Айғақты заттар алынды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полицейлер ұсталған азаматтың осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде