jasqazaq.kz

Қарағандыда көпқабатты үйден өрт шығып, 4 балкон жанып кетті

17 тамыз 2022, 20:04

Қарағандыдағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты. Салдарынан төрт пәтердің балкондары жанып кетті. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Оқиға 17 тамыз күні сағат 12.49-да болды. «112» диспетчер пультіне көпқабатты үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

«Өрт Қарағанды қаласы, Ә. Бөкейханов атындағы аудан, 8-үй мекенжайында болды. От көпқабатты үйдің 4-ші және 5-ші қабат ортасындағы 4 балконды шарпыды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін барлық тұрғындар пәтерден өз беттерімен шығып үлгерді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», — деді Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Жалын бір сағаттан кейін сөндірілді. Оқиға орнында Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамынан 26 адам және 6 техника жұмыс істеді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр