jasqazaq.kz

Қарағандыда көпқабатты үйден өрт шығып, 3 бала газдан уланды

05 ақпан 2019, 11:22

Қарағанды облысында тоғыз қабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде өрт шығып, 13 адам құтқарылды. Олардың жетеуі — балалар, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап.

Бұл оқиға 4 ақпанда болған. ТЖД мәліметінше, үш бала ауруханаға жеткізілген. «Сағат 22.12-де өрт сөндіру қызметіне Октябрь ауданы №15 ықшамаудандағы тоғыз қабатты үйден өрт шыққаны жайлы хабарлама келген. Өрт үйдің 8-қабатында шыққан, аумағы — 10 шаршы метр. Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер 13 адамды құтқарды, жетеуі — балалар. Өрт сағат 22.36-да ауыздықталып, 22.43-те толықтай сөндірілді. 2011, 2014 және 2018 жылғы үш бала газдан уланып ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментіндегілер. Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде