jasqazaq.kz

Қарағандыда қызын зорлаған ерлі-зайыпты сотталды

24 ақпан 2020, 11:00

Қарағандыда қызды зорлаған өгей әкесі мен туған анасы сотталды.

Қарағанды облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың мәліметіне сәйкес, қызға бір жыл бойы зорлық көрсетілген. Бұл туралы Liter.kz сайтына сілтеме жасап sputniknews.kz хабарлады.

Отбасының жақындары мұндай сұмдық туралы мүлдем білмеген. Кейін қыздың өзі оларға айтып, көмек сұраған. Ақпарат бірден полицияға берілді. Қыздың өгей әкесі мен туған анасы қамауға алынды.

Сарапшылар 2006 жылы туған қызға қатысты азғындық пен зорлық жүйелі түрде жасалғанын анықтады.

Сондай-ақ, ерлі-зайыптыларға қылмыстық кодекстің 312-бабы 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес («кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды дайындау») айып тағылды.

Судья Қайрат Қасымов жәбірленушіні сот залына қайта шақырған жоқ. Қызға психологиялық жағынан қиын болмау үшін оның бұған дейін берген түсініктемесі есепке алынды.

Іс қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігі («зорлау, жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау), 120-бабы 4-бөлігі ( «кәмелетке толмаған жәбірленушіге қатысты зорлық жасау» және 312-бабы 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес («кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды дайындау») қаралды.

Қыздың өгей әкесі 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Анасы 16 жылын түрмеде өткізеді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия