jasqazaq.kz

Қарағандыда қыздар төбелесті

13 қазан 2019, 16:49

Қарағандының ірі сауда орталығының алдында қыздар төбелесіп мәселе «шешпек» болды. Бұл туралы Астана арнасы хабарлады.

Халықаралық қыздар күні қыздар арасында төбелес болды. 12 жасар жеткіншектер бір-бірін көк ала қойдай еткен. Мектеп оқушыларының арасындағы жұдырықтасу ұзаққа созылған жоқ. Өтіпкінші адамдар оларды зорға ажыратып алды.

«Бірін-бірі аяусыз сабаған қыздардың не бөлісе алмай қалғаны — түсініксіз. Төбелеске дейін олар телефон арқылы сөйлесіп, содан кейін Қарағандыдағы орталық алаңды спарринг үшін таңдап, кездескен», — делінген сюжетте.

Аталған іске байланысты іс қозғаған полицейлер жас өспірімдерге айыппұл салынатынын айтады. Шаш жұлысқан төбелестен қыздардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

«Әлеуметтік желілерде таралған видео бойынша «бұзақылық» бабымен қылмыстық іс тіркелді. Оқиға қатысушылар анықталды», — деді Қарағанды облысы ЖП баспасөз хатшысы Жанатай Сембеков.

Бүгін, 18:28
В Туркестанской области более 35 тысяч выпускников завершили обучение
21 мамыр, 18:30
В Туркестане обсудили итоги саммита и экономику региона
21 мамыр, 18:28
Данияр Әлиев: Ұлттық мәдениет – ұлттың тарихи жадын сақтайтын рухани құндылық
21 мамыр, 16:56
Жанат Шардарбекова: Библиотека - культурное пространство, объединяющее представителей разных поколений
21 мамыр, 16:46
Әділ Әуелбеков: Равенство в качестве образования — главный показатель гармоничного развития
21 мамыр, 16:15
Қуаныш Бақытұлы: Алматы облысы - инвестиция тартуда белсенді өңірлердің бірі
20 мамыр, 21:15
Алтын Орда мұрасы: әлемнің жетекші ғалымдары Астанада Қарар қабылдады
20 мамыр, 15:12
Алматыда жылу желісін жасанды интеллект бақылайды
20 мамыр, 14:05
Туркестанская область усиливает инвестиционную привлекательность