jasqazaq.kz

Қарағандыда ірі жол апаты болды: қаза тапқандар бар (Видео)

16 қараша 2021, 13:14

Қарағандыда ірі жол апаты болды. Жеңіл автокөлік қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, автобуспен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан бір адам қаза тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақтас кенті маңындағы Қарағанды — Саран — Шахтинск тасжолында Nissan Sunny жеңіл автокөлігі мен ПАЗ автобусы соқтығысып, жол апаты болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan Sunny автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, автобуспен соқтығысқан.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Город Сарань (@podslushanosaran)

Жол апаты нәтижесінде жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған. Көлік қатты бүлінген, қайтыс болған адамның мәйітін құтқарушылардың көмегімен алуға тура келген. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралды.

«Оқиға кезінде автобуста бес адам болған. Олар зардап шеккен жоқ. Іс полицияда тіркеліп, сараптамалар тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 🇰🇿 (@101_saran)

Бұған дейін Қарағанды облысында бес көлік соқтығысып, ірі жол апаты болғаны хабарланған еді. Нәтижесінде, екі адам қаза тапты. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі жүргізушілерді жолда абай болуға және жол ережесін сақтауға шақырды.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді