jasqazaq.kz

Қарағандыда ер адам өзін өзі өртеп жібермек болды

12 желтоқсан 2022, 16:36

Қарағандының Полиция департаменті ғимаратының алдында ер адам өзін өзі өртемек болды. Бұл әрекеті арқылы ол сот ісінің әділ өтуін талап еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

12 желтоқсан күні Қарағанды облыстық Полиция департаментінің алдында қала тұрғыны қолына жанармай құйылған құты алып, өзін-өзі өртеп жіберемін деп қорқытқан. Тәртіп бұзушымен департамент бастығының орынбасары келіссөз жүргізді. Оның заңсыз әрекеттерін тоқтату туралы талаптарына қала тұрғыны көнбей, өзіне және айналасындағыларға қауіп тудырған. Осылайша ер адам сотта қаралып жатқан азаматтық істі шешуді талап еткен.

«Ағымдағы жылдың ақпан айында «Жан Дос» қоғамдық ұйымы Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты полиция бөлімдерінің айналасын қоршау бойынша тендер ұтып алған. Алайда, Қарағанды облыстық Полиция департаментінің мамандары тексеру кезінде «Жан Дос» қоғамдық ұйымы өкілдеріне жұмыстың сапасыз жасалғандығын көрсеткен. Аталған дерек бойынша департаменттің заң бөлімі сотқа арыз беріп, сот оларға 30 қарашаға дейін кемшіліктердің орнын толтыруға уақыт берген. Десе де жауап беруші тарап кемшіліктерді мүлде жоймаған. Сондықтан 6 желтоқсан күні Мемлекеттік сатып алу порталында Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 12-бабы 4-тармағы 3-тармақшасына сәйкес, жіберілген кемшіліктерге байланысты бұрын жасалған келісім-шарт біржақты бұзылды. Келісім-шартты бұзуға шартта көрсетілген міндеттерді тиісінше орындамау себеп болған», — деп түсіндірді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметінен.

Қазіргі таңда аталмыш іс бойынша материалдар соттың қарауында және оны қарау 2022 жылдың 14 желтоқсанына белгіленген.

Ал бұзақылық әрекетке барған ер адам өзіне және айналасындағыларға зиян келтірмеу мақсатында ұсталып, полицияға жеткізілді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр