jasqazaq.kz

Қарағандыда екі бала токқа түсіп қалды

27 мамыр 2021, 10:07

Қарағандыда екі жасөспірім теміржолда токқа түсіп қалды. Зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды.

Жазатайым оқиға Федоровка ауданындағы теміржолда болған. Алдын ала ақпарат бойынша, жасөспірімдер теміржол маңында жүрген және оны кесіп өтпек болған. Сол кезде теміржолда жүк пойызы тұрған. Олар бір жолды кесіп өткеннен кейін, екіншісінде вагонның астынан өтпек болған. Сол сәтте екеуін де ток ұрады. Олардың бірі есінен танып қалған, ал екіншісі көмек шақырған.

Есінен танып қалған зардап шегуші Қарағанды облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылған. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр. Бала реанимацияда жатыр. Ол комаға түскен. Екінші зардап шеккен жасөспірімнің жағдайы қанағаттанарлық, үйіне шығарылған.

Бұл дерек бойынша полиция желілік полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Федоровка ауданы мен жақын маңдағы «Большая Михайловка» станциясы тұрғындары бірнеше рет жаяу жүргіншілер өткелін салуды сұраған болатын. Алайда мұндай оқиға бірнеше рет болғанына қарамастан олар вагондардың астынан немесе жолды айналып өтуге мәжбүр.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия