jasqazaq.kz

Қарағандыда екі автобус соқтығысып, бір адам қаза болды

25 қараша 2022, 11:47

Қарағандыда екі автобус соқтығысып, қоғамдық көлік жүргізушісі көз жұмды, 15 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін таңертең Қарағанды қаласының ДСК ауданындағы көпірде екі қоғамдық көлік соқтығысып қалды. Автобустардың бірінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

«Жол — көлік оқиғасы салдарынан № 41 автобус жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды, 15 жолаушы мен №146 маршрут жүргізушісі медицина мекемесіне жеткізілді. Оқиға болған кезде № 41 автобус бос болды», — деп мәлімдеді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

Аталмыш факт бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталуда. Көлік апаты орнында жедел-тергеу тобы, ТЖД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Автобус кондукторларының бірі осыған дейін 112 қызметіне хабарласып, жолға құм себу керектігін айтқаны белгілі болды.

Қарағанды қаласы әкімдігінің мәліметінше, жолдарға құм себу таңғы алтыдан бері жүзеге асырылып жатыр.

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта