
Әлеуметтік желілерде балалардың төбелескен видеосы тарады,
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Кадрларда екі бала ойын алаңының көгалында төбелесіп жатыр.
«Бас киіміңді шеш, құлағын ұста. Ұр, ұр. Денис, ары тұр. Сергей, саған не айтып тұрмын, құлағын ұста. Баспен ұр, қолынан ал, сен оны неге ұстап тұрсың?», — деп айғайлайды бір ер адам.
Осы кезде астындағы бала дем ала алмайтынын айтып жылай бастайды.
Кейін ер адам төбелесіп жатқан балаларға жақындап, қарсыласты қалай ұру керегін түсіндіреді.
«Міне, құлақты осылай ұстайсың да жыртасың. Не тұрсың, ұрмайсың ба?», — дейді ер адам.
Бір сәтте ер адам біреуіне қарсыласының үстіне шығуға көмектеседі.
Қарағанды қалалық білім бөлімінің өкілдері бұл оқиға Пришахтинскідегі 1-сынып оқушылары арасында болғанын хабарлады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram