
Бүгін, 25 мамыр 16:00-де Қарағандыдағы орталық демалыс паркінде желдің қатты соғуынан батут аударылды. Соның салдарынан 11-жастағы бала қайтыс болып, екеуі ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды NUR.KZ.
Қатты жел салдарынан батут аспанға көтеріп, кассаның жанындағы темір кабинаға құлады. Алған жарақаттан мектеп оқушысы қаза тапты.
«Қылмыстық кодекстің 306 бабының 3 тармағы «қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызметтерді ұсыну» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық құжаттамалар алынып тасталды», — деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.