jasqazaq.kz

Қарағандыда баланың өліміне себепкер болған батуттың иесі шенеунік екен

28 мамыр 2019, 11:16

Қарағандыдағы орталық саябақта болған қайғылы оқиғаға қатысты жаңа дерек пайда болды.

11 жасар баланың көз жұмуына және 3 баланың жарақат алып, ауруханаға түсуіне себепші болған батуттың қожайыны Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің жауапты қызметкері болып шықты.
Дәрігерлер Қарағандыда батут аударылып жарақат алған 3 баланың жағдайы туралы айтты. Батут оның басты қызметінен кейінгі бизнес көзі болды. Яғни, ол батут шенеуніктің 37 жастағы әйелінің атына тіркелген. Алайда, іс жүзінде барлық жұмыспен ТЖД-ның жедел бөлімінің бастығы, яғни күйеуі айналысқан. Міне, сондықтан да қамауға оның әйелі емес, өзі алынып отыр.
Қарағандының құқық қорғау органдары да ұсталған азаматтың мемлекеттік қызметкер және басшы лауазымында отырған шекеунік екенін растады.
Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырда Орталық қалалық мәдениет және демалыс саябағында Қарағанды қаласында күшті желдің салдарынан батут аударылып, бір бала қайтыс болды. Қайғылы оқиғадан кейін батутты орналастырған аттракцион иесі ұсталды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда