jasqazaq.kz

Қарағандыда адам ұрланды

23 ақпан 2021, 21:32

Қарағандыда полицейлер қала тұрғынын ұрлап кеткен қаскүнемдерді ізін суытпай ұстады.

21 ақпан күні Қарағанды қаласының полиция басқармасының Михайловский полиция бөліміне бейтаныс адамдардың 34 жастағы ер адамды «Тойота» маркалы автокөлігінің салонына күштеп отырғызып, оны белгісіз жаққа алып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. «Санаулы уақытта оқиға орнына Қарағанды қаласының патрульдік полициясының жақын маңдағы бірнеше жасағы келді. Полицейлер қала көшелерінің бірінде бағдардағы көлікті байқаған. Олар көлікті тоқтатқан. Онда екі күдікті – 25 және 33 жастағы ер адам, сондай-ақ ұрланған азамат болған», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі. Қаскүнемдер кінәларын мойындады.

Ұсталғандардың айтуынша, олардың заңсыз әрекеттерінің себебі жәбірленушінің ақшалай қарызы болған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 125-бабы «Адамды ұрлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия